ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарды қабылдады.
Құқық қорғау қызметтері орталығы азаматтарға құқықтық сипатта кеңес беру мақсатында ашылған. Мұндағы барлық қызметті кезекші прокурор үйлестіріп отырады. Әкімшілік өндірістегі, сотқа дейінгі тергеудегі істер және азаматтық, қылмыстық істер бойынша сот нәтижелеріне қатысты мәселелер бойынша кезекші прокурор барлық аумақтық прокуратура мен басқа да құқыққорғау органдарының мәліметтік қорынан ақпарат ала алады.
Келешекте, электрондық әкімшілік және қылмыстық істер жүргізіле бастағанда, шағым немесе өтініштің мазмұнына қатысты барлық мәліметтерді онлайн режимде тексеру мүмкіндігі болады.
Бір жерден кеңес беру үшін мұнда адвокат, сонымен қатар қалалық әкімшіліктің, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының, қалалық ішкі істер басқармасының т.б. құзыретті органдардың өкілдері бар.
Осы орталықтағы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының қабылдауына келген барлық азаматтар өз сұрақтары бойынша нақты жауабын алды.
Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы