ҚЫЗЫЛОРДАДА КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТР КЕШІ ӨТТІ

Камералық оркестр Кеулімжай Ботабаевтың дирижерлігімен В.Моцарт, И.Бах, А.Пьяцолло, Г.Динику, Д.Пуччини, Л.Андерсон А.Серкебаев, Л.Хамиди, Х.Сетековтардың шығармаларын орындады.
Оркестр солисті Мақсат Мақұлбеков Д.Пуччинидің «Турандот» операсынан Калафтың ариясын, Сымбат Тасбергенова Л.Ардитидың «Поцелуй» әнін орындаса, Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін Сыр бұлбұлы Самал Байсейітова нақышына келтіре орындады.
Облыстық филармонияның директоры Талғат Мақашовтың айтуынша, мұндай кештерді өнер ұжымы жиі өткізіп тұрады.