ТІЛ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫСТАР БЕРІЛДІ
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында облыстық семинар өтті.
Аталмыш семинарға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинардың күн тәртібіне сәйкес, «Тілдерді дамыту мен қолдану – тіл саясатының негізгі бағыты» тақырыбында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А. Қайруллаев, «Жаңақорған ауданында тілдерді дамыту жұмыстарының жүргізілу барысы және алдағы міндеттер» тақырыбында Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Айдосова және «Әліпби ауыстырудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Абасилов баяндама жасады.
Аталмыш семинар соңында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстар берілді.