ЖАЛҒАН ШАҚЫРУДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сабақ барысында Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері А.Ахметова, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, азаматтық қорғау капитаны А. Ермағамбет, азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Ким төтенше жағдайларды және шұғыл көмек хабарламаларын қабылдайтын «112», «101» нөмірлері халыққа қандай мақсатта қызмет жасайтындығы жайлы кеңінен түсіндірме жасады.
Сондай-ақ, жалған шақыруды болдырмау, оның жауапкершілігі турасында айтылып, күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындар жасауы тиіс іс-әрекетер бейне таспа, слайдтар арқылы көрсетілді.