ТЕКЕЙ БАТЫР ТУРНИРІНДЕ ТҮЙЕ ПАЛУАНДАР БЕЛДЕСЕДІ

Турнирге Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 22 палуан қатысады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастарды ұлттық мәдениетке тәрбиелеуді көздеген жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және демеушілердің қаржылай сыйлықтарымен марапатталады.
Турнирде 1-орын иеленген балуанға 1,5 млн. теңге берілсе, екінші орын иегері 700 мың теңге алады, ал үшінші орын жүлдесі 500 мың теңге.
Жарыс 28 қазан 10.00-де басталады.
