МАЛ СОЮ АЛАҢДАРЫ МЕН ПУНКТТЕР ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Облыс бойынша 35 мал сою алаңы және 2 мал сою пункті тіркелген, оның ішінде 26 мал сою алаңы және 2 мал сою пункті жұмыс жасап тұр. Олар ҚР АШМ 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс атқаруда.
«Жыл басынан осы мал сою алаңдарында 8616 бас мүйізді ірі қара, 3160 бас уақ мал, 1204 бас жылқы малы 2 бас шошқа 462 бас түйе малы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.
ҚР АШМ 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 9 айында 95 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер рәсімделді,» -делінген басқарма хабарламасында.
Облыстағы ішкі сауда объектілерін басқарманың күнделікті бақылау барысында 193 заң бұзушылық анықталып, нұсқама берілді, нәтижесінде ветеринариялық инспекция тарапынан бүгінгі таңға 10 жеке тұлғаларға айыппұл (470570 теңге) салынды.