ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРДЫ ӨРТТЕН АЛЫП ШЫҚТЫ
Департаменттің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Нұржанов Шымкент көшесінің бойындағы №24 үйдің жоғарғы қабатынан өрт шығып жатқанын көріп, дереу «101» нөміріне хабарлама береді. Өрт шыққан пәтердің есігін сындырып, ішіне кірген Бауыржанның жанына көп ұзамай криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Уәлихан Исмаилов жетеді. Екеуі өртке оранған пәтер ішінен 5 және 6 жастағы екі баланы құтқарып алып шықты. Сол жерде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.