2014 ЖЫЛҒЫ III ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША BEELINE ҚАЗАҚСТАН ӨСУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША НАРЫҚ КӨШБАСШЫСЫ БОЛДЫ
2014 жылғы үшінші тоқсанда Beeline Қазақстан барлық басты көрсеткіштер – табыс, түсім, пайда және клиенттер саны бойынша өсу қарқынын көрсетті. Компания желінің құрылысын жалғастырып, нарыққа жаңа өнімдер шығарды және қызмет сапасын жақсартты. Абоненттік база 10 миллион межесіне жақындаcа, клиенттер бұрынғыдан да ұзақ сөйлесіп, интернетті қолдануды арттырды.
Негізгі көрсеткіштер
2013 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда компанияның жалпы табысы 5%-ға артып, 36 млрд. теңгені құрады. Мәліметтерді мобильді жолдау сегментінің түсімі жылдан жылға артып, өткен жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.
Клиенттердің жалпы саны 9%-ға артып 9,8 миллионға жетті.
EBITDA көрсеткіші 16%-ға жоғарылап, 17 322 млн. теңгені құрады. Табыстылық та айтарлықтай артты - EBITDA шоғырландырылған маржасы 4,3 пайыздық пунктке өсіп, 48,2%-ды құрады. .
Компания клиенттерінің қызметтер үшін төлейтін төлемінің көлемі төмендеді – орташа шоттың құны (ARPU) 2013 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 4%-ға азайып, айына 1098 теңгені құрады – бұл қызметтер құнының төмендеуінен, тұтынудың артуының нәтижесі. Орташа үлестік минут 14%-ға арзандады және оның орташа құны 3,5 теңгені құрайды, сонымен қатар 1 мегабайттың құны 1,2 теңге деңгейіне жетті, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29%-ға төмен. Мұнымен бірге дауыстық және data трафиктің өскенін көруге болады. Орташа есеппен, Beeline клиенттері айына 317 минут сөйлеседі. Интернет-трафик 87%-ға артты. Компанияның орташа статистикалық клиенті пошталарды және әлеуметтік желілер мен жаңалықтар ресурстарды қарауға айына 262 мегабайт жұмсайды.
Өнімдер мен қызметтер
Тарас Пархоменко, Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры: «Біздің стратегиямыз – клиенттерге ең көп қызмет ұсынып, әлемдік деңгейдегі қызмет көрсету. Біз, өз абоненттеріміздің қажеттіліктерін мұқият зерттеп, тұтыну профилін талдаймыз және дәл қазір әрі осы жерде қажетті өнімдерді әзірлейміз. Мұндай қадамның тамаша мысалы – бұл әр күнге арналған «Гигабайт+» интернет-топтамаларының қатары. Мұнда біз ВКонтакте, Facebook, Одноклассники, Мой Мир тәрізді танымал әлеуметтік желілерге тегін қосылу мүмкіндігін ұсынамыз. Қолданушылардың шамамен 75% осы өнімді достарына ұсынады», - деп атап өтті.
Сонымен қатар, үшінші тоқсанда танымал «Бәрі қосулы» тарифтік қатары іске қосылды. Енді Beeline клиенттері күн сайын жеткілікті қоңыраулар мен SMS-тер көлеміне қол жеткізеді және тек өзінің жеке қажеттілігіне қарай интернет топтаманың - M, L немесе XL – бірін таңдай алады. Мұнда, мерзім аяқталғанға дейін қолданылмаған барлық интернет трафик жойылмайды, керісінше олар жинақталады.
Beeline Business, корпоративтік клиенттер үшін жаңа «Beeline Business Box» пен «Handsets» ұсыныстарын әзірледі. Бұл ұсыныстар өз табынушыларын жылдам тапты, себебі бұл кешенді шешімнің құрамына байланыс қызметтері, құны 1 теңге тұратын Microsoft Office 365 (Professional Plus) бағдарламалық қасыздандыру топтамасы бар интернет пен 10 теңгеге жаңа заманауи смартфон алу мүмкіндіктері кіреді.
Сымды интернет
III тоқсанда FTTB бағытының түсімі 12,3%-ға өссе, «Үйдегі Интернет» қызметін қолданушылар саны 25,8%-ға артты да, 336 мыңнан астам қосылуды құрады.
Қазақстандағы оптоталшықты интернеттің картасы есепті кезеңде төрт жаңа қалаға үлкейді. «Үйдегі Интернет» қызметі Рудный (Қостанай обл.), Балқаш және Абай (Қарағанды обл.) сондай-ақ Хромтау (Ақтөбе обл.) қалаларының тұрғындарына қол жетімді болды. Небары 5 жылда 25 қала желіге қосылып, желі еліміздің 1 200 000-астам ғимаратын қамтыды.
Әлеуметтік үлес
Компания кең көлемді «WiFi Bus Beeline» әлеуметтік желісін жалғастыра отырып, қалалық автобустарды ұшқыр 3G интернетке қосуда. Бұл жоба III тоқсанда Қарағанды, Қостанай және Қызылорда қалаларында өз бастауын тапты. Кезекте оңтүстік астана – Алматы. Бүгінгі таңда «WiFi Bus Beeline» - еліміздің 7 қаласындағы 150 автобусты қамтыған.
«Шексіз мүмкіндіктер» - бұл өткен тоқсанда ашылған жаңа бастамамыз. Компания балалар үйін, облыстық мектеп-интернаттарды, еліміздің барлық жерлеріндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың бейімделу орталықтарын жылдамдығы 50 Мбит/сек болатын интернетке қосуда. Бұл шілде айында Алматы қаласында басталған. Ол кезде интернетке Мүгедек –Балалардың Ата-аналары Ассоциациясы қосылды. Содан кейін 10 қыркүйекте Beeline тегін интернетке Павлодар қаласындағы Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған Облыстық Қазақ Гимназия-Интернатын қосты.
Beeline ұсынған «Open Media» бастамсының да танымалдылығы артуда. Компания клиенттері Қазнеттегі ең танымал БАҚ сайттарына тегін қосылу мүмкіндігіне қол жеткізде. Үшінші тоқсанда vlast.kz, and.kz, capital.kz және headline.kz сайттарына тегін қосылу мүмкіндігі ашылды. Beeline клиенттері Яндекс.Навигатор мен Kolesa.kz мобильді қосымшаларына да тегін қосыла алады.