ЕКІ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
«Болашақ» университеті осы уақытқа дейін Чехияның «Социосфера» ғылыми-баспа орталығымен бірлескен «Қазіргі әлемдегі жарнама: тарихы, теориясы және тәжірибесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын сәтті өткізген болатын.
Ағымдағы жылдың қазан айында ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа сәйкес, 2 халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Қазан айының 10-11 аралығында «Білім беру жүйесіндегі PR-технологиялар және ақпараттандыру: дамудың жағдайы мен басымдықтары» тақырыбында өткізілген конференцияның ұйымдастыру комитетіне Тарас Шевченко атындағы Луганск Ұлттық Университеті, Витебск мемлекеттік медициналық университеті де қатысты.
Ал, қазан айының 13-14 күні аталмыш шет елдік жоғары оқу орындарымен біріге отырып «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері және құндылықтары» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция жұмысына берілген тақырыптар бойынша ізденіп жүрген отандық ғалымдармен қатар, шет елдік зерттеушілер қатысты.
«Болашақ» университетінің баспасөз орталығы