АҢДЫ ҚОРҒАУҒА ТИІСТІЛЕРДІҢ ӨЗІ БРАКОНЬЕР БОЛЫП ШЫҚТЫ
Ағымдағы жылдың 20 қазанында Арал аудандық ішкі істер бөлімі, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді. Рейд барысында Қазалы ауданының аумағында Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-нің 5 қызметкері ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Олар мінген УАЗ автокөлігін тексеру барысында, 1 қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 22 дайын оқ және 39 қоян денесі табылды..
Қазіргі танда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.