ЖЕЛ ТҰРЫП, ТҰМАН ТҮСЕДІ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 25-27 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік- шығыстан батысқа ауысатын жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей аумақтарда тұман түседі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы