АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ АЙТЫЛДЫ
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында «Азаматтық қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есеп» атты семинар ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, подполковник Серік Сыздық облыстағы медициналық мекемелердің азаматтық қорғауға жауапты мамандарының қатысуымен өткен шарада нормативті-құқықтық актілері бойынша түсіндірме жасады.
Қала және аудандардан 30-дан астам қызметкер қатысқан семинарда салада азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізуге қатысты мәселелер айтылып, мамандар сауалына жауап берілді.