АЙМАҚТА БАЛА ӨЛІМІ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ
Қызылорда облысында 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,5% төмендеген.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының 9 айлық қорытындысында айтылды.
«Жыл басынан бері туылған сәбилер арасында өлім-жітім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1 пайзызға төмендеген»,– делінген хабарламада.
Сонымен қатар, осы тоғыз айда ана өлімі орын алған жоқ.
Басқарма сайтынан алынған деректерге қарағанда, жыл басынан бері туберкулезбен ауыратындар мен осы дерт салдарынан көз жұмғандар қатары кеміген. Бірақ, онкологиялық және қанайналым сырқатына шалдыққандар көбейіп отыр.