ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗЕДІ
Қызылорда қаласында өтетін "Алтын күз - 2017" мерекесі аясында Жаңақорған диқандары ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай жәрмеңкеде көкөніс, бақша жəне ет өнімдері базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада саудаланады.
Жәрмеңке 28 қазан күні сағат 09:00 ден бастап "Астана" даңғылы (Е.Көшербаев пен А.Иманов көшесінің қиылысында) ұйымдастырылады.