БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЭЫДҰ БАС ХАТШЫСЫ АНХЕЛЬ ГУРРИАМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Анықтама: Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылдан бастап Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елі қатысушылары болып табылатын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы аясындағы негізгі мақсаттар:
ЭЫДҰ экспорттық әлеуетін тарту арқылы ҚР экономикалық өсімін қамтамасыз ету;
ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын іске асыру арқылы ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
ҚР-ның ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына жақындауы және келешекте әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу.