БЕЛКӨЛДЕ ҚҰЛАҚҚАП КИГЕН АЗАМАТТЫ ПОЙЫЗ БАСЫП КЕТТІ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің мәліметінше апат осы жылдың 20 қазанында Белкөл станциясында болған. Жүк пойызы қағып кеткен азамат Қызылорда қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тексеру кезінде қаза тапқан азаматтың теміржол жолын белгіленбеген жерден қиып өткені анықталды. Оның үстіне құлаққаптан әуен тыңдаған ол жақындап қалған пойыз даусын естімеген.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша Қызылорда желілік ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.