ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫСҚЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ КӨШТІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері қысқы киім үлгісіне көшуге орай саптық байқау өткізілді. Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша саптық байқау мақсаты командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамының нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметкерлердің дайындығын департамент бастығы және сала ардагерлері қадағалады. Сонымен бірге, жеке құрамның қызметтік куәліктері мен қажетті құжаттарын, нысандық киім кию тәртібін тексерді.