БАСТАМАНЫ САРБАЗДАР ДА ҚОЛДАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5547 әскери бөлімінде өткен жиынға Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының қызметкері Ә.Бақытова қатысып, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында хабарлама жасады. Сарбаздар да бастаманың мән-маңызы жайлы пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды.
Әскери бөлімнің жеке құрамы толық қатысқан басқосуда сарбаздар бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.