«СОТ КАБИНЕТІ» СЕРВИСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Р.Хизатова БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Брифингте сот кеңсесінің маманы «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін, атап айтқанда сервиске тіркелу тәртібін, электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу жөнінде және соттарға енгізілген жаңашылдықтар бойынша түсіндірме беріп, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.
Брифинг соңында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінде жұмыс жасау барысы көрсетілді.