СЫРДЫҢ САҢЛАҚ ПЕРЗЕНТІ

Қазақ геология ғылымының өркендеп дамуы Шахмардан Есеновтің есімімен тікелей байланысты. Сыр перзенті Қазақстан ғылымы мен өндірісінде өшпестей із қалдырып, ұлт мақтанышына айналды.
Ғалым мерейтойына арналған кітап көрмесі «Геология ғылымының ғұламасы», «Шоқтығы биік Шахмардан», «Қайраткер» атты 3 бөлімнен тұрды. Онда ғалымның өмірі мен студенттік жылдары, туған жері мен отбасы жайлы фотоматериалдар, белсенді қоғам қайраткерлерінің Есенов жайлы естеліктері қойылды.
Сондай-ақ көрмеге келушілер академиктің геология-минерология саласына қосқан үлесі туралы туындылармен танысты.
