МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНДЫ
2017-2018 оқу жылында Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «SAMSUNG» компаниясының демеушілігімен «Жылыжай» жобасының грантын ұтып алды.
Жалпы құны: 2 млн 200 мың теңге болатын жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мектеп-лицей ұстаздары оқушыларды еңбекке баулуда, болашақта олардың ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауына осы жылыжайдың әсері болатынын айтып отыр.
Жобаны жүзеге асыруға мектеп ардагерлері, мұғалімдер, оқушылар мен ата – аналар жұмыла кірісті.