ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ
Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі салтанатты жиын ұйымдастырды. Оны бөлім бастығы Н.Әнуарбеков ашып, әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Жиында №7 өрт сөндіру бөлімінің мамандарына аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Сонымен қатар, «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер балалардың көзімен» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.
Байқау нәтижесі бойынша 4 оқушыға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі әзірлеген сыйлықтар табыс етілді.