ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Жәрмеңкеде халыққа кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет насихатталды. Мәселен қала маңындағы Титов ықшам ауданының тұрғындары алысқа бармай-ақ қажетті құжаттарын дайындауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Шарада мамандаржүзден астам тұрғынға кеңес берген. Тұрғындар тарапынан балабақша кезегіне тұру, электронды үкімет порталын пайдалану, зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеу, жеңілдікпен пәтер алу және жер теліміне қол жеткізу секілді мәселелер жиі көтеріліпті.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілдері мұндай жәрмеңкені енді жиі өткізуді жоспарлап отыр.
- Бұл бірінші рет өтіп жатқан шара, яғни халықтың сұранысына, талабына сәйкес тағы да қосымша ұйымдастырылатын болады, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы А.Мұхимов.