САНАНЫ ЖАҢҒЫРТАТЫН БАСТАМА
Қазалы ауданындағы орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік маңызы зор бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу - замана үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың мәртебесін көтеруге мүмкіндік жасайтындығы айтылды.
Қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасына қатысты сан алуан пікірлердің айтылуы заңдылық екені белгілі. Алайда, еліміз үшін аса маңызды тарихи шешімнің жобасы сөз таластыруға өзек болмай, керісінше қазақ қоғамын біртұтас ете түсуі тиіс. Ең бастысы латын әліпбиіне көшу – уақыт пен жаһандық технологияның, әлемдік ақпараттың негізгі және түбі бір түркі тілдес елдердің мұраларын ортақ қазынаға айналдыратын стратегиялық маңызды да айрықша қадам.