ҚҰДЫҚҚА ҚҰЛАҒАН ЖЫЛҚЫНЫ ШЫҒАРЫП АЛДЫ

Бұл жолы құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жылқыны шығарып алды.
Жедел кезекшілік бөліміне хабар жетісімен оқиға орнына дереу бес адамнан тұратын жедел топ шығып кетті.
Олар жағдайда тез бағамдап, тереңдігі 1,5 метр болатын құдықтан жылқыны шығарып алу операциясын бастап кетті.
Құтқару сәтті аяқталды, жануар жарақат алған жоқ.