БОПСАЛАУМЕН БАЮДЫ КӨЗДЕГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ
Шиелі ауданының тұрғыны 1977 жылы туған азамат полицияға өзін Қызылорда қаласында тұратын белгісіз азаматтар қорқытып, 5 000 000 теңге талап етіп жүргені жөнінде арызданған болатын.
Ол өзінің арызында ағымдағы жылдың наурыз айының 7-ші жұлдызында жұмысына белгісіз 2 азамат келіп «Біздің ағамызға ақша берешек екенсің, сол бес миллион теңгені бізге бересің, айтқан сумманы тез арада тауып бермесең бала-шағаңнан айырылып қалуың мүмкін» деп қорқытып кеткендігін жазған.
Сонымен қатар, аталған азаматтар 19-шы наурызда жәбірленушімен кездесіп тез арада ақшаны бермесең жағдайың қиын болады деп қорқытқан.
Аталған қылмыстық іс бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шиелі кентінде осы жылдың 27 наурызы күні «СУБАРУ ОУТБАК» маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлік ішінен бір дана пышақ, және артқы орындықтың үстінде тұрған қара түсті барсетка ішінен алдын ала арнайы дайындалған 100 дана 10 000 теңгелік купюра барлық сомасы бір миллион теңге ақша айғақ зат ретінде алынды. Автокөліктегі үшеу Шиелі АІІБ-не жеткізілді.
Қазір осы қылмыстық іс бойынша олардың қылмыстары дәлелденіп, Қызылорда ҚІІБ-ның УҰА-на қамалды. Қылмыстық іс сотқа жолданып, адам бопсалау арқылы баюды көздегендерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.