СЕКСЕН МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ

Бұл үшін өңірдегі емханаларда 65 онкологиялық кабинет ашылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар, соңғы 2 жылда онкопатологияны алғашқы сатысында анықтау көрсеткіші 58 пайызға артқанын және өлім-жітім 10 пайызға кемігенін айтады. Дегенмен жыл сайынғы скринингтік тексеріс барысында, орташа есеппен 1 мың 300 адамнан ісіктің алғашқы сатысының белгілері анықталады екен. Бүгінде аймақта 4 жарым мың тұрғын диспансерлік тіркеуде тұр.
– Ұлттық скринингтік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысында 6 скрининг өткізіліп жатыр. Облыс бойынша 86 мыңдай халық осы 6 скринингпен қамтылып отыр. Онкологиялық науқастар бірінші, екінші сатысында анықталатын болса, оның 90-95 пайызына ем жақсы қонады,– дейді облыстық онкология орталығының директоры Сәкен Серғазиев.