АУЫЛДАРДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Орталық директоры Н.Мұсаева жиналғандар алдында латын графикасының ерекшеліктері жайлы тарата айтты. Ең алдымен, латын қарпі бізді ғылым мен инновацияға жақындата түседі.
Мысалы, өз тілін, төл жазуын жоғалтпаған Жапонияның өзі ғылыми жаңалықтарын ағылшын тілінде, латын қарпінде бөліседі. Демек, латын қарпі біз үшін әлемге ашылған есік.
Басқосуға жиылғандар бастама жайлы ойларын білдіріп, реформаны қолдайтындықтарын жеткізді.