ТІЛДЕР ДОСТЫҒЫ – ЕЛ ДОСТЫҒЫ
Бүгін Шиелідегі №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде «Тілдер достығы - ел достығы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелде аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Тәжиева көпұлтты мемлекетіміздегі достықтың тіні тіл екендігін айтып өтті. Ал мектеп директоры Ж. Жанәділова да осы тақырыпта әңгіме өрбітіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған латын алфавитіне көшу бастамасын айтып өтті.
Латын әліпбиі тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуының бірден-бір кепілі. Дөңгелек үстелде ағылшын тілі маманы Қ.Әлімбетова, қазақ тілі маманы Н.Бимұратова да осы мәселе жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Шара соңында оқушылар «Тілдер достығы-ел достығы» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс көрсетіп, онда түрлі ұлт өкілдерінің өлеңі оқылып, әндері мен билері нақышына келтіре орындалды.