МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА
Латын әліпбиіне көшу мәселесін бүгін Қармақшы аудандық почта бөлімшесі қызметкерлері де талқылады. Мекеме басшысы Сәбит Сәденов Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жайлы тарата айтып, қазақ алфавитін латын графикасына көшіру әлемге өріс ашар бастама екендігін жеткізді.
Қазір бұл мәселе жер-жерде талқыға түсіп, түрлі сала қызметкерлері өз пікірлерін білдіруде. Пошташылар да өз ойларын жеткізіп, Елбасы бастамашы реформаны қолдайтындықтарын жеткізді.