АРДАГЕРЛЕР ӨМІРІ ӘРДАЙЫМ ҮЛГІ
Азаматтық қорғау органдары мерекесіне орай Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде ардагерлер салада қызмет жасайтын жастармен кездесті.
Аға буын өкілдерімен кездесуге келген жастардың барлығы дерлік қызметке жаңадан қабылданғандар. Ардагерлер қиын әрі қызықты мамандықты таңдаған ізбасарларына өткен күннен естелік айтып, жауынгерлер сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында ардагерлер мен кәсіби дайындық мектебінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Жанәбіл ардагерлермен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу жұмыстарының жалғаса беретінін жеткізді.