БАРЛЫҚ САЛАДА СЕРПІН БАР

Шараның ашылуында аймақ басшысы индустриялы-инновациялық дамудың аймақ дамуына тигізген оң әсері жайлы баян етті. Осыдан кейін баспасөз конференуциясына қатысушылар түрлі саладағы бастамалардан хабардар болды.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа қат мамандықтар бойынша кадр дайындау бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы да айтты.
Конференция соңында аймақ басшысы мен басқа да қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.