СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ ТӘСІЛІ ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Қазақстанда жобалық басқару Бас прокуратурада, инвестиция және даму министрлігінде, Астана қалалық әкімдігінде қолданысқа енгізілген. Қазақстан Үкіметі, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы және тағы басқа министрліктерде Жобалық кеңсе құрылған.
Қызылорда облысында жобалық басқару тәсілін енгізу жұмыстары ағымдағы жылдың көктемінде басталды. Облыс әкімінің өкімімен «Жобалық кеңсе» жұмысшы тобы құрылып, алғашқы жобалар әзірленді. Бұл ретте Қызылорда өңірі Ресейдегі өмір сүру деңгейі жоғары әрі табысты аймақтардың үштігіне енген Белгород облысының тәжірибесін негізге алды,– деді облыс басшысы.