ӘЛЕМГЕ АШЫЛҒАН ЖОЛ
Қармақшы аудандық орталық қалалық кітапханада «Қазіргі таңда латын қарпінің алар орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аудандық орталық кітапхананың әдістеме-библиография бөлімі ұйымдастырған дөңгелек үстелде. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе талқыланды.
Шарада латын қарпі қазіргі кезде жаһанданудың графикасына айналғаны да сөз болды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесініңс басшысы К. Қаниева латын әліпбиін пайдалану – қазіргі әлемнің уақыт талабы екенін атап өтті. Кітапханашы Д.Қосназарова қатысушыларды кітапханада ұйымдастырылған «Елбасы және ұлттың рухани жаңғыруы» атты кітап көрмесімен таныстырды.