ТЕКЕЙ БАТЫРҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ

Батыр бабамыз Текей Қарпықұлы - қазақ ұлтының мемлекеттігін нығайтуда өлшеусіз үлес қосып, ел билеу ісіндегі өзінің даналығымен дараланған Тәуке ханның бас батыры болған. Әз Тәуке ханның тұсында бес жорық жасалса, соның екіншісі 1711 жылы болды. Оған Текей батыр бас қолбасшы болады.
Шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Меруерт Аңсатова мен «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек қатысушыларға қолбасшы туралы тарихи деректерден мәлімет берді.
«Тәуелсіздік тұмары – Текей батыр!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды.