ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 1 маусым мен 30 қазан аралығында өтіп жатқан «Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан «Арал-Шеп» бекетінің полиция қызметкерлері Алматы қаласынан Ақтөбе облысына бағыт алған, Алматы қаласы тұрғынының басқаруындағы ақ түсті «Mersedes» автокөлігін тоқтатып, қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тексеру кезінде көліктің артқы орындығында жасырылған пакетке салынған 19 дана және 6 дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы 9 кг 600 г болатын есірткі құралы марихуана тәркіленді. Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар 1968, 1971 жылғы күдікті тұлғалар Арал аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі