ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ
Сырдария аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында ведмоствоаралық жиналыс өткізілді.
Аудан орталығындағы Тереңөзек кенті мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, аудан прокуроры А.Тәженов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров және бөлім, мекеме басшылары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан бойынша жүргізіліп жатқан есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі кеңінен талқыланып, алдағы жоспарлар айқындалды. Сондай-ақ, сала мамандарының баяндамалары тыңдалды және құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмысын жандардыру бағытында ұсыныстар айтылды. Ұйымдастырушылар қылмыспен күресу қоғам мүшелерінің ортақ парызы екеніне назар аударды.