ҚАРМАҚШЫДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Жарыста «Нұр» мешітінің бас имамы Үркімбаев Марат Дайрабайұлы сөз сөйлеп, «Рухани келісім» күніне орай және дін бірлігі – ел тұтастық кепілі тақырыбында қысқаша мәлімет беріп жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, жарыста сәттілік тіледі.
Жарысқа 5 команда қатысып, І орынды «Орда» әскери-патриоттық командасы, ІІ орынды «Жамағат 1» командасы, ІІІ орынды «Қармақшы» командасы иеленді.
«Қармақшы ата» мешітінің бас имамы А.Тортулов, аудандық жастар ресурстық орталығы маманы А.Жұмахмет және жарыстың бас төрешісі Б.Байшылықов жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар беріп, шараны қорытындылады.
