СЕРІКТЕС КӘСІПОРЫН ЦЕМЕНТ ӨНДІРЕДІ
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық- иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды жобаның бірі – Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жылына 1 миллион тонна томпанажды цемент шығаратын зауытының құрылысы.
Кеше индустриалдық аймақта кәсіпорынның іргетасы қаланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким және инвестордың бірі Д.Тұрлыханов, Шиелі ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысты. Елімізде ғана емес, жалпы Орта Ази- яда алғашқы болып құрылысы басталған аталған қуатты зауытты «Данаке» корпо- рациясы мен Қытай мемлекетінің «Гежуба групп цемент» компаниясы бірлесіп,биылғы жылдың сәуір айынан бастап сала бастады. Бұл жобаның жалпы құны – 64 млрд теңге. Бас мердігері – «Чай- на Триумф Интернэшнл» компаниясы. Ол халықаралық көшбасшы компаниялардың қатарына жатады. Әлемдегі үздік 50 ұлттық кәсіпорын сапында орны бар. Нақты кезеңде инвестицияға салынған 75 млн долларды игеру барысында жұмыстар жүргізілуде.
Әрине, алғашқы кезекте өндіріс орындарын дайындау мен қосалқы ғимараттарды салуға бағытталады.
– Біздің компания – жылына 30 млн тоннаға дейін томпанажды цемент өндіретін әлемдегі алып компания. Оның жер-жердегі филиалдары да сол талаптан көрінуі тиіс. Сондықтан да біз жаңа технологиялар- ды тиімді пайдаланамыз. Зауыт салу бары- сында шетелдің тәжірибелі мамандарын көптеп тартқанымызбен, зауыт толық іске қосылғанда 85 пайыз жергілікті тұрғын еңбек ететін болады. Оларды бұл іске қалыптасуы үшін алдын ала оқытып, маман етіп шығарамыз. Бұл тұрғыда облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы орындардың қолдауына сүйенеміз. Бұл екі жаққа да тиімді болмақ. Өйткені, біздің шығаратын өнімдеріміз сапалы да жоғары дәрежелі болады, – дейді «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС компаниясының атқарушы директоры Ли Цзиньцин.
Шиелі ауданы әкімдігі екі мемлекет арасындағы уағдаластыққа сай аталған за- уыт құрлысы орналасатын индустриалды аймақтан 50 гектар жер бөлді. Нақты кезеңде оның 4 гектарына қызметкерлерге арналған жатақхана және басқа да әлеуметтік құрылыстар бой көтеріп үлгерді. Ал қалған 46 гектар жер теліміне зауыт құрылысы мен оған тиесілі өндірістік ғимараттар орналасады. Бірлескен кәсіпорынның өңірімізде құрылысының қарқын алуы елдің даму мүмкіншілігі артқандығын көрсетумен бірге, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында атап көрсеткендей, әлем дік жаһандану талабына сай қол жет- кен жетістіктерге малданып қалмай, алға жылжу әрекетінің белсенділігін көрсетсекерек. «Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес,болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ», – деген еді Президент Н.Назарбаев маңызды құжатта.
Міне, облыста тағы бір іргелі кәсіпорынның іргетасы қаланды. Іске сәт!
Нұрмахан ЕЛТАЙ