МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША ЗАҢСЫЗ ӨНІМДІ АНЫҚТАЙДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандары заңсыз алкоголь өнімдерін Wipon мобильдік қосымшасы арқылы анықтауға болатынын хабарлайды.
Бұл қосымшаны IOs, Android және WindowsPhone құрылғылары бар телефондардан тегін жүктеп алуға мүмкіндік бар. Акциздік марканы сканерлесеңіз болғаны – телефонда алкогольдің түпнұсқалығы туралы ақпарат көрсетіледі.
Бұл заңсыз өнім айналымына қарсы тұрудың бірден-бір жолы.