БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ
Бүгін – Халықаралық студенттер күні. Бұл күннің қалай және қашан студенттер күні деп аталғанына қысқаша тоқталып өтсек.
Көптеген деректерге сүйенсек, Халықаралық студенттер күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында өткен. 1939 жылғы 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған дүниежүзілік студенттер конгресінде 17 қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне «Халықаралық студенттер күні» деп атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондон қаласында өткен.
Студенттер күні романтика мен жастық албырт шақпен астасып жатқанымен, атаулы күннің тарихы екінші дүниежүзілік соғыстағы (ЕДС) Чехословакия студент жастарының қасіретімен тығыз байланысты.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1918 жылдың 28 қазанында Чехословакия мемлекеті құрылған болатын. ЕДС кезінде неміс басқыншыларының қарамағына өткен елде 1939 жылдың 28 қазанында Прага қаласының студенттері мен олардың оқытушылары мемлекеттерінің құрылғанына 21 жыл толуына орай демонстрацияға шықты. Алайда, басқыншылар демонстранттарды тарқатып, арасынан біреуін атып өлтіреді. Өлген студенттің есімі – Ян Оплетал (Jan Opletal). Оны жерлеу рәсімі 15 қараша күні болып, артынша қарсыласушы патриот жастардың шерулері қайта басталды. Нәтижесінде, оншақты жас белсенді тұтқындалады.
17 қараша күні таңертеңгісін гестапошылар (КГБ секілді арнайы полиция) мен фашистердің қарауыл отрядтары студенттер қоныстанған жатақханаларды жан-жағынан қоршап алады. Қатыгез операцияның салдарынан 1 200 адам тұтқындалып, Заксенхаузен концлагеріне айдалды. Тоғызға тарта студент пен жастар белсенділерін соттамай, Праганың Рузине ауданындағы түрмеде айуандықпен өлтірді.
17 қарашада фашистер Чехиядағы университеттерді жауып тастады. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондон қаласында өткен. Чех студенттері мен оқытушыларының қасіретінен кейін екі жыл өткенде Лондонда фашистер қуғындаған студенттер жиналып, студенттер күнін атап өткен.