ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
Қызметкерлердің психологиялық даярлығын қалыптастыру мақсатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамына "Мен" концепциясын дамыту және профайлинг әдісімен «Мінез акцентуациясының типтері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мекемесінің психолог маманы А. Исамбекова шақырылды.
Жасақтың медицина-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы – психологы Ж. Бегманова жеке құрамға семинар-тренинг бағдарламасы мен ережесін таныстырып түсіндіріп, "Темпераменттің типтері" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Ал "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мекемесінің психологы А.Исамбекова "Мінез акцентуациясының типтері" тақырыбына презентация жасап, "Мен" концепциясын дамыту бағытында тренинг жүргізді.
Тренингке қатысушылар арасында "Өз мінезіңді бағала!", "Зеректікті дамыту", "Жұбыңмен бөліс", "Автопортрет", "Достық аралы", "Отбасылық генограмма" ойындары мен жаттығуларын өткізілді.