ҮШЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы Айбек Әбу, қала прокуроры Мұрат Досмағанбетов, қалалық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Әбдіразақ қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды.
Шараға Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары мен мамандары, қалалық прокуратура, қалалық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Меморандумның мақсаты–қылмыстық істердің тергелуін созбай, сотқа жолдау және қысқа мерзімде сотта қаралуын қаматамасыз ету болып табылады.
Сот төрағасы А.Әбу қылмыстық іс сотқа түскен сәттен 3 тәуліктен кешіктірмей жалпы немесе қысқартылған тәртіпте басты сот талқылауын тағайындау жайлы айтты. Сондай-ақ, қылмыстық теріс қылықтар бойынша істердің 1 тәулік ішінде қаралатынына тоқталып, меморандум нәтижесінде, сот ісінің айқындылығы мен іс қараудың жеделділігі артып, құжат айналымы қысқаратындығын жеткізді.