ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕТІСУДАҒЫ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Талдықорған қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті. Жетісу төріндегі турнирде аралдық Рамазан Жуынтаев 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңіс төрінен көрінді.
Аймақ намысын абыроймен қорғаған ол осы жеңісі арқылы еркін күрестен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына қол жеткізді.
Рамазан №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі, белгілі бапкер Бауыржан Жүсіпов жаттықтыратын олі бүгінде Алматы қаласындағы денешынықтыру және спорт академиясында білім алуда.