ОӨАЖҚЖ: БАЛЫҚҚА ШЫҚҚАНДА БАЙҚАҢЫЗ
Күздің осы мезгілі аймақтағы су айдындарының жағалауы балық аулаған жұрта толатын сәт. Осыған байланысты облыстағы «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары тұрғындарды су айдындарында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Әуелгі талап – балыққа шықпас бұрын қайықтың және құлаққаптардың жағдайын тексеріңіз. Үрлемелі қайықтағы клапандардың ауасы шығып кетпегенін тексеруді ұмытпаңыз.
Балықшылар отыратын орын айналасын түрлі заттармен толтыруға болмайды, балық аулауға қажетті жабдықтарды жақтауға қою керек. Үрлемелі қайықта аяқ астына ешқандай зат болмау қажет.
Су айдындарына шықпас бұрын құтқару жилетін киіңіз. Қайық үстінде балық аулау кезінде, жылдам қозғалыстар жасауға, сондай-ақ балық аулау кезінде бортты бүгуге болмайды.
Қайықта екі аяқты кең ашып, қайықтың ортасында тұру қажет. Бірақ, үрлемелі қайықта тұрегеп тұруға қатаң тиым салынады. Сондай-ақ, құтқарушылар судағы қайықта орындарды ауыстырмауға кеңес береді.
Сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі балаларға және ересектердің қарауынсыз моторлы қайықты пайдалануға жол берілмейді.