ДУАТЛОН ДОДАСЫ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛАДЫ

Осыдан кейін сайысқұа қатысушылар арқан тартып, армрестлинг және гір көтеруден күш сынасты.
Спартакиада аясында дария жағасындағы веложолда дуатлоннан жарыс ұйымдастырылды. Аймақта алғаш рет өткізіліп отырған дуатлон ережесіне сай үш спортшыдан команда жасақталды. Әр қатысушы велосипед арқылы бес шақырымдық қашықтықты кесіп өтіп, мәре жолына дейін тағы 3 шақырым жүгіреді. Команда көрсеткіші жарыстың үш қатысушысының жалпы уақытының қорытындысы бойынша шығарылады.
Дуатлон бойынша №8 өрт сөндіру бөлімінің спортшылары бірінші орынды иеленсе, Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екінші орын алды. Үшінші орын №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасына бұйырды.
Ұйымдастырушылар алда дуатлонның Қызылорда облысы ТЖД ведомствалық бөлімшелері арасында спорттық іс-шаралардың жыл сайынғы тізіміне енгізіліп, құтқарушылар күнін атап өтудің дәстүріне айналатынын айтады.
Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің спортшылары жеңіп алды, күміс жүлдегерлер Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары. Ал үшінші орынға департамент командасы ие болды.




