АСЫЛХАН ТҰРАР АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Ол велоспорттың ең ауыр түрі - омниум жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлделер санын толықтырды.
А.Тұрар 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Велоспорттан жастар арасында 4 дүркін, ересектер арасында 4 дүркін республика жеңімпазы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Асылханды жарыстарға жоғары санатты жаттықтырушы Жандос Махамбетов дайындайды.