ҚЫЗЫЛОРДАДА CISCO ЖЕЛІЛІК АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

CISCO желілік академиясы –халықаралық компания. Компьютерлік желілерді жобалау, құру, қорғауды теориялық және тәжірибе жүзінде электронды түрде оқытып мамандар даярлайтын бүкіләлемдік академия толық оқу материалдарымен қамтылған және студенттерді ақпараттық технология саласында қажетті білім алумен қамтамасыз етеді.
Бағдарлама Интернет арқылы алуға болатын оқу материалдардан, алған білімдерін бағалаушы электрондық тестілеу жүйелерінен, практикалық, лабораториялық сабақтардан, сонымен қатар кәсіптік деңгейдегі сертификаттар алуға дайындық курстарынан тұрады.
Қатысушылар әлемді мойындатқан желілік академияның Сыр жерінде ашылуы аймақ ғылымының дамуына ерекше серпін береді сенім білдірді.
