ӘСЕЛ СЕРІКБАЙ БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ!

Қос спортшының Сыр өңірі тарихындағы шахматтан алғашқы ФИДЕ шеберлер екендігін де айта кетейік.
Биылғы жылғы оқушылар арасында әлем, 3 дүркін Азия чемпионы атанған Әсел Серікбай мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назерке Нұрғали қарашада Италияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Олар дүбірлі бәсекенің алдында 1-7 қарашада Алматы қаласында болатын оқу-жаттығу жиынына барады.
Содан кейін Әсел Серікбай 10-20 желтоқсанда Гуджарат штатында (Үндістан) 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында болатын бүкіләлемдік олимпиадада облыс намысын қорғайды.
