ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕГІ ЖУРНАЛИСТІҢ БІР КҮНІ

Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы Айгүл Нұрманованың хабарлауынша Қызылорда қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндірушілердің бір күндік жұмыс барысымен БАҚ өкілдері танысты. Журналистер қарауыл бастығы Жандос Рысбековтен тапсырма алып, өрт сөндірушілердің автокөлігін кезекшілікке тапсыру барысын көрді. Оқу сыныбындағы өрт сөндіру әдіс-тәсілдері сабағына қатысып, дәріс жазды. Демалыс бөлмесіндегі өрт сөндірушілердің спорттық жетістіктерін тамашалады.
БАҚ өкілдері мамандардың кезекті дабыл түсісімен өрт оқиғасына шығу барысын да көрді. Бір күннің ішінде қиын да, қызықты мамандықтың қыр-сырына қаныға түскендей болды. Бір айта кетерлігі, дәл осы күні осы бөлімге қарасты аумақта ірі өрт оқиғасы тіркелген жоқ.


